Самал Еслямова Ресейде үздік актриса атанды

Самал Еслямова Ресейде үздік актриса атанды

Самал Еслямова Ресейде үздік актриса атанды
ашық дереккөзі
Қазақстандық Самал Еслямова Ресейдегі «Ника» кинематографистер жүлдесінің 2019 жылғы ең үздік актрисасы атанды, – деп жазды ТАСС агенттігі. Былтыр пандемияға байланысты марапаттау салтанаты өтпегендіктен ұйымдастырушылар жексенбі күні соңғы екі жылдың жеңімпаздарын қатар марапаттады. Сонымен «Ника» ресейлік кинематографистер жүлдесінің 2019 жылғы үздік әйел рөлі аталымын «Айка» фильмі үшін Самал Еслямова мен «Дылда» картинасы үшін Виктория Мирошниченко жеңіп алды. Ал 2020 жылғы жүлде Юлия Высоцкая («Дорогие товарищи!») мен Шолпан Хаматоваға («Доктор Лиза») бұйырды. Айта кетейік, Самал Еслямова 2018 жылы Канн кинофестивалінде үздік актриса атанды. Ол ресейлік режиссер Сергей Дворцевойдың «Айка» атты картинасында басты рөлді сомдаған.