Ертең елімізде телеарналар жұмыс істемейді

Ертең елімізде телеарналар жұмыс істемейді

Ертең елімізде телеарналар жұмыс істемейді
ашық дереккөзі
27 сәуір Қазақстанда телерадио хабарын тарату желісінде жоспарлы-профилактикалық жұмыс жүргізіледі. «Қазтелерадио» АҚ хабарлауынша, 27 сәуір сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфир желілерінің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыс жүргізіледі. Осыған байланысты Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады. «Қазтелерадио» АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыс жүргізеді. Бұл жұмыс телерадио хабарын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет.