26 сәуір: ел тарихындағы елеулі оқиғалар

26 сәуір: ел тарихындағы елеулі оқиғалар

26 сәуір: ел тарихындағы елеулі оқиғалар
ашық дереккөзі
1994 жылы 26 сәуірде Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасында Қазақстан-Қытай шекарасы туралы келісімге қол қойылды. 1995 жылы Қазақстан Республикасының Президенті бірінші рет «Алтын алқа» белгісін табыс етті. Орден статусына ие «Алтын алқа» белгісі 1993 жылы бекітілген. Көпбалалы аналарға беріледі. 1996 жылы Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей және Тәжікстан мемлекеттерінің президенттері Шанхай келісіміне қол қойды. 2000 жылы Алматыда Дауос аясындағы Еуразиялық экономикалық саммит ашылды. Басқосуға әлемнің 37 елінен 500-дей саяси басшы, жетекші бизнесмендер мен халықаралық сарапшылар қатысты. Форумда Қазақстан, Грузия, Қырғызстан Президенттері, Әзербайжанның премьер-министрі сөз сөйледі. 2002 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің №853 Жарлығымен «Ақтау теңіз порты» еркін экономикалық аймағы құрылды. 2009 жылы Алматыда Чернобыль атом электр станциясындағы апат қалдықтарын жойған қазақстандық жауынгерлерге арналған граниттен жасалған ескерткіш тақта орнатылды. 2010 жылы Амманда Астанада Иорданияның Сауда дамыту орталығын ашу туралы құжаттарға қол қою рәсімі өтті. Орталықты ашу туралы шешім екіжақты экономикалық ынтымақтастықты әрі қарай тереңдету және экономикалық-сауда қатынастарын нығайту мақсатында қабылданған болатын. 2013 жылы Нью-Йоркте Қазақстан Республикасы мен Гвинея-Бисау Республикасының БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдері деңгейінде бірлескен Коммюникеге қол қою арқылы екі ел арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды 2015 жылы Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауы өтті. Сайлауда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жеңіске жетті. 2015 жылдың ақпан айында Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшелері Қазақстан Республикасы Президентінің мерзімінен бұрын сайлауын өткізу туралы бастама көтеріп, Мәжіліс депутаттарына жүгінді. Өтініште «әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында күрделі халықаралық күн тәртібінің алдында жалпыұлттық бастама арқылы сайлауды өткізу – уақыт талабы» екендігі айтылған. 2016 жылы Төменгі Саксонияда Қазақстанның құрметті консулдығы ашылды. Құрметті консул лауазымына Германияның алдыңғы қатарлы кәсіпкерлерінің бірі Гюнтер Папенбург тағайындалды. 2016 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» XXIV сессиясы аясында «Мәңгілік ел» патриоттық актісі қабылданды. Патриоттық актіде халқымыз қалыптастырған жалпыұлттық негізгі құндылықтар мен мемлекет, қоғам, азаматтардың ортақ жауапкершілігінің ділдік өзегі – Қазақстанның тағдыры, дамуы мен өркендеуі бекітілген. 2017 жылы Алматыдағы Чайковский атындағы музыкалық колледждің Үлкен концерт залына КСРО Халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері Ермек Серкебаевтың есімі берілді. Мұндай бастаманы колледж директоры Біржан Хасанғалиев көтерген болатын. 2017 жылы Қазақстан Ақордада Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның алғашқы отырысы өтті. Отырыста Ұлттық комиссияның мақсат-міндеттері белгіленіп, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған бағыттарды іске асыру жайы сөз болды. 2017 жылы Ақордада қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру, әр қарай елдің алға бағыттайтын мәдени-гуманитарлық дамуын қамтамасыз ету үшін құрылған Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның бірінші отырысы өтті. Отырыс барысында Ұлттық комиссияның мақсаты мен міндеттері, Елбасының «Болашаққа бағдар: қоғамдық рухани жаңғыру» мақаласында ұсынылған бағыттарды жүзеге асыру жолдары талқыланды. 2019 жылы Шереметьево халықаралық әуежайынан Байқоңыр ғарыш айлағына АН-124-100 ұшағымен «Спектр-РГ» ғарыш астрофизикалық обсерваториясы жеткізілді.