Ескендір Хасанғалиев ауруханада ауыр халде жатыр

Ескендір Хасанғалиев ауруханада ауыр халде жатыр

Ескендір Хасанғалиев ауруханада ауыр халде жатыр
ашық дереккөзі
Бұған дейін әнші Ескендір Хасанғалиев пен жұбайы Дарико Хасанғалиеваның коронавирус індетін жұқтырып, жансақтау бөлімінде жатқандығы жөнінде ақпарат тараған еді Sputnik Қазақстан порталының мәліметінше, Ескендір Хасанғалиевтің жағдайы әлі ауыр. Мұны өнер иесінің ұлы Біржан Хасанғалиев растады. Оның сөзінше, Ескендір Хасанғалиевтің жағдайы кеше кешке күрт нашарлаған. «Әуелі Алла, содан кейін дәрігерлер мен  халық тілегі көмектесетініне сенеміз. Әкем өмір бойы халық үшін еңбек етіп келеді. Осындай қиын жағдайда халық әкемнің денсаулығы жақсаруын тілейтініне сенемін», - деді Біржан Хасанғалиев. Айтуынша, Дарико Хасанғалиеваның жағдайы жақсарып, сауығып келеді.