Армения премьер-министрі Никол Пашинян отставкаға кетті

Армения премьер-министрі Никол Пашинян отставкаға кетті

Армения премьер-министрі Никол Пашинян отставкаға кетті
ашық дереккөзі
Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян отставкаға кетті. Бұл туралы ол жексенбі күні халыққа үндеуінде мәлімдеді. Армения министрлер кабинеті басшысының отставкасы техникалық сипатқа ие және биыл 20 маусымда өтетін кезектен тыс парламенттік сайлауды өткізу үшін қажет. Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян халыққа үндеуінде отставкаға биылғы жылдың 20 маусымында кезектен тыс парламенттік сайлауды өткізу үшін кетіп жатқанын мәлімдеген. «Конституциялық ережелер мен Парламенттің таратылуын іске асыру үшін мен бүгін отставкаға кетемін», - деді Никол Пашинян. Сондай-ақ ол сайлау өткізілгенге дейін премьер-министрдің міндеттерін толық көлемде атқаруды жалғастыратынын айтты. Еске сала кетсек, Арменияда Таулы Қарабақта әскери қимылдарды тоқтату туралы үшжақты өтінішке қол қойылған соң күрделі ішкі саяси жағдай орын алған. Оппозиция көшеге шығып, премьер-министрден өз қызметін босатуды талап етті. Ел президентімен өткізілген кеңестерден кейін парламенттік фракциялар 2021 жылғы 20 маусымда кезектен тыс парламенттік сайлау өткізуге келісті.