Қазақстандық ауыр атлет Азия чемпионатының қола жүлдесін иеленді

Қазақстандық ауыр атлет Азия чемпионатының қола жүлдесін иеленді

Қазақстандық ауыр атлет Азия чемпионатының қола жүлдесін иеленді
ашық дереккөзі
Ташкентте өтіп жатқан жарыста отандасымыз 102 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен болатын. 24.kz таратқан мәліметке сүйенсек, біздің спортшы жұлқа көтеру сайысында 168 келі көрсеткішпен бесінші орынға тұрақтаған еді. Алайда екінші жаттығуда намысқа тырысып бақты. Нәтижесінде Артем Антропов 222 келі зілтемірді басынан асырып, Қазақстан қоржынына қола медаль салды. Қазақстандық спортшының қос сайыстағы қорытындысы – 390 келі. Ал күміс жүлдені Катар елінің ауыр атлеті иеленсе, алтын ирандық спортшыға бұйырды.
«Қарсыластарым өте мықты болды. Бұл менің ересектер арасындағы үлкен жарысқа алғаш қатысуым. Сондықтан бұл жетістігіме көңілім толады. Енді осы чемпионатта жіберген қателіктерімді түзеп, алдағы жарыстарға дайындаламын» дейді Азия чемпионатының қола жүлдегері  Артем Антропов.