Қазақстандық QazVac вакцинасы бірінші кезекте кімдерге салынатыны белгілі болды

Қазақстандық QazVac вакцинасы бірінші кезекте кімдерге салынатыны белгілі болды

Қазақстандық QazVac вакцинасы бірінші кезекте кімдерге салынатыны белгілі болды
ашық дереккөзі
Ресейлік «Спутник V» секілді отандық QazVac вакцинасын да  ең алдымен қауіп-қатер аймағында жүргендер қабылдайды. Ол – дәрігерлер, мұғалімдер мен полицейлер, деп хабарлайды ktk.kz. «Вакциналау кезінде тәуекел топтарына басымдық беріледі. «Спутник V» пайда болған кезде, ол ең алдымен тәуекел тобына егілді: медицина қызметкерлері, педагогтер, полицейлер. Егер осы топтардың арасында қазақстандық вакцинаны алғысы келгендер болса, оларға бірінші салынады», дейді ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы директорының орынбасары Манар Смағұл. Отандық вакцинаны алғысы келген өзге азаматтар препарат қолжетімді болған жағдайда ғана егіледі. Бүгінде өңірлерге 50 мың доза жіберілді. Вакциналау дүйсенбіден басталады деген жоспар бар.