Осыдан 31 жыл бұрын…

Жылдар өткен сайын болған оқиғалардың барлығы тарихқа айнала беретіні анық. ХХ ғасырдың соңғы он жылдығында тәуелсіздік алған Қазақстанның әр жылы жаңалықтарға толы болды. Бірақ осының бәрінен бұрын, яғни, еліміз әлі толық еркіндікке қол жетпей тұрған кезде жүз берген бір тарихи оқиға болды. Ол Қазақстан тарихында тұңғыш рет президент лауазымының пайда болуы еді.

1990 жылы сәуірдің 24-і күні Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақ ССР-інің президенті болып сайланды. Бірақ, Қазақстанда тұңғыш президент күні ретінде 1991 жылдың 1 желтоқсаны аталады.

1991 жылғы 1 желтоқсан күні Қазақстан тарихында тұңғыш рет бүкілхалықтық президент сайлауы өтті. Бұл сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ ССР президенті болып қайта сайланды. Ресми мәлімет бойынша, алғашқы бүкілхалықтық президент сайлауына еліміз азаматтарының 88,2 пайызы қатысып, олардың 98,7 пайызы Назарбаевқа дауыс берді.

1995 жылдың 29 сәуірінде Қазақстан халықтарының ассамблеясы бастамасымен Қазақстанда Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік өкілетін 2000 жылғы желтоқсанның 1-іне дейін ұзарту туралы бүкілхалықтық референдум өтті. Оған сайлаушылардың 91,26 пайызы қатысып, 95,46 пайызы дауыс беру нәтижесімен Назарбаевтың өкілеттігі ұзартылды. Одан кейін 1999, 2005, 2011, 2015 жылдарда өткізілген Қазақстан президенті сайлауларында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатарынан төрт Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды.

2019 жылдың 19 наурызында өзінің президенттік өкілеттігін тоқтататындығын мәлімдеген Нұрсұлтан Назарбаев сол кезден бері Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесі басшысы лауазымын және «Нұр Отан» партиясының төрағасы лауазымдарын атқарып келеді.

Бүгін Қазақстанның тұңғыш президенті болғанына 31 жыл болған Нұрсұлтан Назарбев Қазақстанды басқарған 29 жыл ішінде елдің жан-жақты өсіп, дамып, қалыптасуына көп еңбек сіңірді. Сондықтан кейінгі 30 жылдай уақыт ішінде Қазақстанның жеткен жеткен жетістігінің бәрі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев есімімен байланысты.

Back to top button