Алматыдағы "Бұқар Жырау Тауэрс" тұрғын үй кешенінде атыс болып жатыр

Алматыдағы "Бұқар Жырау Тауэрс" тұрғын үй кешенінде атыс болып жатыр

Алматыдағы "Бұқар Жырау Тауэрс" тұрғын үй кешенінде атыс болып жатыр
ашық дереккөзі
Бүгін әлеуметтік желілерде Алматыдағы "Бұқар Жырау Тауэрс" тұрғын үй кешенінде ер адам күзетшіні оқ атып жаралағаны туралы жазбалар тараған. Кейін белгілі болғанындай, каскүнем сол кешендегі бір пәтерге бекініп алып, ғимаратты жарып жіберемін деп қоқан-лоққы жасаған. Кешен тұрғындарының айтуы бойынша ол адам бұдан бұрында көршілеріне дөрекілік танытып, агрессиялық мінез көрсеткен екен.
Қазір ол 6 сағаттан бері полицияға қарулы қарсылақ көрсетіп, оқ атып жатыр. Сондай-ақ өзі бекінген пәтердің терезесіне мағынасыз бір үндеу жазылған плакат іліп қойыпты. Не талап етіп отырғаны да белгісіз. Енді оны құрықтау үшін арнайы жасақ шабуылға дайындалып жатыр. 23 қабатты "Бұқар Жырау Тауэрсте" 600 жүздей пәтер бар көрінеді.