«Қазақ па, өзбек пе?» Футболшы Бақтиер Зайнутдиновтың әкесі ұлының ұлтына қатысты сұраққа жауап берді

ашық дереккөзі
Футболдан Қазақстан құрамасының және мәскеулік ЦСКА командасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдиновтың әкесі ұлының ұлтына қатысты туындаған сауалға қатысты жауап берді, деп хабарлайды sports.kz. «Ресейде ұлтымызға қарамастан біз бәріміз қазақпыз. Тіпті Өзбекстанға барсақ та, қазақ боламыз. Өйткені біз осында тудық. Батекеңнің қанында бес ұлттың қаны бар – өзбек, қазақ, тәжік, ұйғыр және украин» дейді Батыржан Зайнутдинов. Футболшының әкесі ешқашан бұл жерден көшу туралы ой болмағанын айтты. «Біздің көп туысымыз Ресей мен Өзбекстанға көшіп кетті. Онда барып не істейміз? Кейбіреуі қайтып келді. Жат жердің аты жат жер. Мәселен, Ресейде менталитет мүлде басқа» дейді ол. Айта кетейік, Бақтиер Зайнутдинов 1998 жылы 2 сәуірде Тараз қаласында дүниеге келген.