Жаңалықтар

«COVID-тан да қорқынышты». Үндістанда балалардың мәйітін далада өртеп жатыр

ашық дереккөзі

«COVID-тан да қорқынышты». Үндістанда балалардың мәйітін далада өртеп жатыр

Үндістанда коронавирус індеті өршіп тұр. Ауруханаларда бос орын жоқ. Крематорий мәйіттерді өртеп үлгере алмай жатыр, деп хабарлайды "5 канал". Волонтерлар ашық алаңқайда, автокөлік тұрақтарында мәйітхана жасап, қайтыс болған адамдарды далада өртеп жатыр. «Бұл коронавирустан да қорқынышты. Менің көз алдымда 5, 15 жастағы балалардың мәйітін өртеді. 25 жастағы ерлі-зайыптылардың денесін де өртеді. Балалардың денесін өртегенде жүрегім қарс айрылды» дейді волонтер Джитендер Сингх. mir24-tv мәліметінше, 23 сәуірде Үндістанда коронавирусқа шалдыққандардың тәуліктік саны жөнінен әлем бойынша рекордтық көрсеткіш болды. Бір тәулікте 333 мың адам вирус жұқтырды. https://www.youtube.com/watch?v=XR5NnGHU9DY&t=4s&ab_channel=%D0%9C%D0%B8%D1%8024