Теңіздің жолында вахташыларды әкеле жатқан автобус жол апатына ұшырады (видео)

Теңіздің жолында вахташыларды әкеле жатқан автобус жол апатына ұшырады (видео)

Теңіздің жолында вахташыларды әкеле жатқан автобус жол апатына ұшырады (видео)
ашық дереккөзі

Әлеуметтік желіде жол-көлік оқиғасынан кейін түсірілген бейнежазба тарады: автобус пен үстінде ассенизаторы бар «КамАЗ» көлігі жолдын екі жағына шығып кеткен, деп хабарлайды azh.kz.

«Ембімұнайгаз» АҚ-ның баспасөз қызметінің ақпараты бойынша,  22 сәуірде Теңіз – Сарықамыс жолының бойында «ЕМГ»-нің  мердігер мекемесіне қарасты қызметтік «ПАЗ» автобусы мен «Камаз» автокөлігі соқтығысты. Бұл жол-көлік апаты «Камаз» жүргізушісі автобусты асып өтіп кетпекші болған кезде орын алған. Автобуста Прорва кен алаңынан Құлсары қаласына бағыт алған мердігер мекеменің 11 қызметкері болған. Олардың барлығы жедел жәрдем көлігімен «Теңізшевройл» ЖШС-нің медициналық клиникасына жеткізілді. Кейін ол жерде тек автобус жүргізушісі қалғаны белгілі болды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 1-бөлігі (Көлiк құралын басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiруге әкеп соққан бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, деп хабарлады полиция департаменті.