Перзентханада сау баласын науқасқа ауыстырып жібергенін 30 жылдан кейін білді

Перзентханада сау баласын науқасқа ауыстырып жібергенін 30 жылдан кейін білді

Перзентханада сау баласын науқасқа ауыстырып жібергенін 30 жылдан кейін білді
ашық дереккөзі
Қытайдың Хэнань провинциясының полициясы шамамен 30 жыл бұрын Кайфын қаласында болған бала ауыстыру ісінің тексеру нәтижелерін жариялады. Бұл туралы AsiaOne басылымына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Хенан аймағының тұрғыны  Сюй Минь Яо Цэ есімді ұлын 1992 жылы дүниеге әкеледі. Бала В гепатитінен зардап шекті, кішкене өскен соң бауырдың қатерлі ісігіне шалдыққан. Әйел оған өз бауырын беремін деп шешкен. Алайда операцияға дайындық кезінде дәрігерлер Яо Цэ оның туған ұлы емес екенін анықтады. Полицияның көмегімен Сюй Минь баланың биологиялық ата-анасын: Ду Синьжи мен Го Сикуанды тапқан. Белгілі болғандай, ол ұлын бағып жүргенде, әйелдің биологиялық ұлын басқа адамдар асырап жүрген. Сюй Минь Яо Цэнің биологиялық анасы босанғанға дейін В гепатитімен ауыратынын және ауру ұлына берілуі мүмкін екенін білген болып шықты. Осыдан кейін ол Ду Синьжи мен Го Сикуани сау баласын ауру балаға әдейі алмастырды деген күдік пайда болған. Яо Цээ мен өз ұлы Го Вэй бір уақытта, бір ауруханада дүниеге келгендіктен, мұндай жағдайдың болуы мүмкін еді. 2020 жылғы желтоқсанда сот балаларды араластырған аурухана Яо Цэ мен оның биологиялық ата-аналарына 760 мың юань (8,8 миллион рубль) көлемінде өтемақы төлеуі керек деп шешті. Кейінірек бұл сома миллион юаньға (11,7 миллион рубль) дейін өсті. Наурызда әйелдің ұлы, Яо Цэ көз жұмды, ал Сюй Минь оның биологиялық ата-анасы баланы ауыстыруға қатысы бар-жоғын анықтауды талап етті. Полиция тексеру жүргізіп, балалардың қасақана ауыстырылғанын дәлелдейтін айғақтар таппады. Бұл оқиғаның себебі 1992 жылы аурухана қызметкерлерінің нәрестелерді сәйкестендіруге енжар қарағанында болуы мүмкін дейді, полиция. Бір жаңа туған нәрестені екіншісінен ажыратудың жалғыз тәсілі - жөргекте аты жазылған қағаз болған.