Аида Балаева «Киелі табиғат» экологиялық акциясын бастап берді

Аида Балаева «Киелі табиғат» экологиялық акциясын бастап берді

Аида Балаева «Киелі табиғат» экологиялық акциясын бастап берді
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның қатысуымен «Киелі табиғат» республикалық жастар экологиялық акциясы басталды. Акция елордадағы Ботаникалық бағында барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақталуымен өтті. «Жылдан жылға ел азаматтарының, соның ішінде әсіресе жастардың табиғатқа көңіл бөліп, тазалық шараларына белсене араласып жүргендері көңіл қуантады. Жастарымыз біздің айналаға деген бүгінгі қамқорлығымыздың ертеңгі ұрпақтың игілігі үшін керек екендігін жақсы ұғынады. Бүгіннен бастап еліміздің барлық өңірінде экологиялық тазалық айлығы басталды: әрбір елді мекенде тұрғындар айналаны қоқыстан арылтып, өзен аңғарларын тазалап, ағаш егу жұмыстарын жүргізеді. Сондықтан ел азаматтарын осы игілігі мен пайдасы мол шараға белсене қатысуға шақырамын. Біздің айналамыздың әсемдігі, табиғаттың саулығы, ауамыздың тазалығы барлығы - өзімізден, өзімізге деген қатынасымыздан басталады» деді Аида Балаева.