Нұр-Сұлтанда өртеніп жатқан пәтерден баланы құтқарған азамат марапатталды

Нұр-Сұлтанда өртеніп жатқан пәтерден баланы құтқарған азамат марапатталды

Нұр-Сұлтанда өртеніп жатқан пәтерден баланы құтқарған азамат марапатталды
ашық дереккөзі
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Ақылбек Қыпшақбаевқа көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін алғыс айтып, марапаттады. Жігіт өртеніп жатқан пәтерден баланы құтқарып қалды. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады. «Сіз біздің заманымыздың нағыз ержүрек батырысыз. Сіздің ерлігіңіз құрметке лайық. Өйткені әркім өз өмірін қатерге тігіп, өзге адамның өмірін сақтап қала алмайды", - деді Ильин. Өрт 23 сәуірде күндіз сағат екілерде Петров көшесі, 5 мекенжайындағы үйден шықты. Бала үйде жалғыз болған. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін баланың айғайлап, көмек сұрап жылағанын естіген Ақылбек оны құтқаруға кіріскен. Үйдің 5-қабатына жылдам көтеріліп, темір есіктің ар жағында баланың жылап жатқанын естиді, бірақ есік ашылмайды. Ақылбек ойланбастан 4-қабатқа түсіп, көршілерінен терезеге өтуді өтінген. Терезеден шығып, баламен сөйлесе бастайды. Өртсөндірушілерді күте аласың ба деп сұраған, ол түтіннен тұншыға бастағанын айтқан. Сөйтіп, Ақылбек баланы қолына секіруге көндіреді. «Мен өзім туралы мүлдем ойламадым, тек баланы құтқаруды ойладым», - дейді ол. Ақылбек Қыпшақбаев – 1987 жылғы Шымкент қаласының тумасы, үйленген, төрт бала тәрбиелеп отыр. Юрий Ильин Ақылбек Қыпшақбаевқа «Өрттегі ерлігі үшін» төсбелгісін табыстап, отбасына бақыт пен амандық тіледі. Ақылбектің сөзінше, ол өзін батыр санамайды. «Менің орнымда кез келген адам осындай қадамға барар еді», дейді.