«Қазгидромет»: Елордада тағы да ауа ластанады
«Қазгидромет»: Елордада тағы да ауа ластанады
Бүгін Нұр-Сұлтанда тағы да ауа ластанады, деп хабарлайды «Қазгидромет».
2021 жылғы 24 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.