Ақтөбеде такси жүргізушісін өлтіріп, оның көлігімен бірнеше жол-көлік апатын жасағандар ұсталды (видео)

Ақтөбеде такси жүргізушісін өлтіріп, оның көлігімен бірнеше жол-көлік апатын жасағандар ұсталды (видео)

Ақтөбеде такси жүргізушісін өлтіріп, оның көлігімен бірнеше жол-көлік апатын жасағандар ұсталды (видео)
ашық дереккөзі
Ақтөбеде екі ер адам такси жүргізушісін өлтіріп, оның көлігімен бірнеше жол-көлік апатын жасаған, – деп хабарлайды Polisia.kz. Полицияға “Hyundai” автокөлігінің жүргізушісі қашықтықты сақтамай, алда келе жатқан жеңіл автокөлікпен соқтығысып, оқиға орнынан қашып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. “Бейнебақылау камераларының көмегімен аталған көліктің орналасқан жері анықталды. Оның қозғалыс жолын ЖБО-ның операторы рация бойынша полиция нарядтарына хабарлады. Патрульдік экипаждардың бірі көлікті тауып, жүргізушіден қозғалысты тоқтатуды талап етті, бірақ ол бағынбай, жасырына бастады. Полиция қуғынынан қашуға тырысқан тәртіп бұзушы қарсы қозғалыс жолағына шығып, “Toyota Land Cruiser-200″ автокөлігімен соқтығысты”, – деді Ақтөбе қалалық Полиция басқармасының бастығы Бауыржан Атабаев. https://www.youtube.com/watch?v=JrEanpNL1cg&ab_channel=%D0%9F%D0%BE%D0%BB%D0%B8%D1%86%D0%B8%D1%8F.%D0%BAz-%D0%98%D0%BD%D1%84%D0%BE%D1%80%D0%BC%D0%B0%D1%86%D0%B8%D0%BE%D0%BD%D0%BD%D1%8B%D0%B9%D0%BC%D0%B5%D0%B4%D0%B8%D0%B0-%D0%BF%D0%BE%D1%80%D1%82%D0%B0%D0%BB