Тура мағынада ұшты: Түркістандағы театр желге шыдас бермеді

Тура мағынада ұшты: Түркістандағы театр желге шыдас бермеді

Тура мағынада ұшты: Түркістандағы театр желге шыдас бермеді
ашық дереккөзі
Түркістандағы самұрық құстың жұмыртқасы пішіндес “ұшатын” театр қатты желге шыдас бере алмады. Театрдың төбесінің кей бөліктерін дауыл ұшырып әкетті, - деп хабарлайды Azattyq Rýhy. Театрдың дауылдан кейінгі күйінің бейнежазбасын Facebook қолданушысы Asel Abilbek жариялады.
"Біз ерте қуанған сияқтымыз. "Ұшатын театр" желге төтеп бере алмай, бөліктері ұша бастады. Біз бәрі сапалы болғанын қалаймыз. Енді атауын "ұшпайтын театр" деп өзгерту керек", - деп жазды желі қолданушысы
Наурыз айында әлемде теңдесі жоқ бірегей театр туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлаған болатын.