Димаш Құдайберген жаңа клипінің аңдатпасын жариялады

Димаш Құдайберген жаңа клипінің аңдатпасын жариялады

Димаш Құдайберген жаңа клипінің аңдатпасын жариялады
ашық дереккөзі
Димаш Құдайберген «Be With Me» атты жаңа бейнеклипі жуықта жарыққа шығатынын айтып, оның аңдатпасын жариялады. «Жақында «Be with me» атты жаңа бейнебаянымның жарыққа шығатыны туралы жаңалықпен бөліскеніме қуаныштымын! Жарқын эмоциялардың үйлесімі, драйв және басты кейіпкердің батылдығы – бұл ерекше формат. Жаңа оқиға – Жаңа мен! Премьераны жіберіп алмау үшін менің барлық әлеуметтік желілерімдегі жаңалықтарды қадағалаңыздар», – деп жазды әнші өзінің Instagram парақшасында. «Be With Me» әні алғаш рет 2021 жылғы 17 қаңтарда американдық TIXR стриминг платформасындағы «Dimash Digital Show» онлайн-концертінде орындалған болатын. Dimashnews сайтының мәліметінше бейнебаянды атақты украиналық клипмейкер Радислав Лукин түсірген. https://youtu.be/F2KL5fkmAb0