Жемқорлық жайлаған қай сала?

Жемқорлық жайлаған қай сала?

Жемқорлық жайлаған қай сала?
ашық дереккөзі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Стратегия және жедел басқару департаментінің басшысы Нұрлан Жақсымбетов сыбайлас жемқорлыққа жиі ұшырайтын сала мамандарын атап өтті. Ол бұл деректерді онлайн түрде өткен брифингте айтты. «2021 жылдың бірінші тоқсанында Сыйбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 452 қылмыстық құқық бұзушылық тіркеді. Оның 76 пайызы сыбайлас жемқорлық фактілері. Аса ауыр құрамды қылмыстар саны өсіп отыр», – деді Н. Жақсымбетов. Департамент басшысының сөзіне сүйенсек,  қылмыстардың басым бөлігі парақорлық пен қаржы жымқыру фактілеріне тиесілі. «Сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша 412 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Соның арасында 42 адам, яғни 10 пайызы республикалық және облыстық деңгейдегі басшылар. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының басым бөлігін бұрынғысынша жергілікті атқарушы органдардың қызметшілері, полиция және квазимемлекеттік сектор қызметкерлері жасап отыр. Бұл өз кезегінде түсінікті жағдай, мемлекеттік қызметшілердің басым бөлігі әкімдіктер мен ішкі істер органдарына тиесілі екені белгілі», – деді ол. Нұрлан Жақсымбетовтің сөзіне қарағанда, кедендік бақылау органдарының қызметкерлері арасынан 85 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Бұдан бөлек, білім саласында 32 адам, денсаулық сақтау мен құрылыс салаларында 27 адамға жаза жүктелген.