Алматыда үйлерді жаппай бұзу жоспарлануда

Алматыда үйлерді жаппай бұзу жоспарлануда

Алматыда үйлерді жаппай бұзу жоспарлануда
ашық дереккөзі
Алматыда алдағы 4 жыл ішінде 708 ескі тұрғын үй бұзылады. Олардың орнына 683 жаңа көппәтерлі тұрғын үй салынады. Бұл туралы zakon.kz хабарлады. 2012-2015 жылдары Алматыда 56 ескі үй бұзылып, 63 көппәтерлі тұрғын үй салынды. Аталған бағдарламаның арқасында 579 отбасы жаңа пәтерге көшкен болатын. Мұндай тұрғын үй қорын жаңарту ескі үйлердің орнына жаңа функционалды және заманауи нысандарды салуға мүмкіндік береді. Бұл ретте бұзылған ескі үйлердің аумағында тек тұрғын үйлер ғана емес, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету объектілері де салынады, жаңа желілер, саябақтар, бульварлар, скверлер, қоғамдық кеңістіктер пайда болады. Бағдарламаға енген ескі үйлердің тізімі үй тұрғындарының Алматы аудандық әкімдіктеріне жиі жүгінулері негізінде қалыптастырылды, — деп хабарлады Реновация бағдарламасының операторы Алматы Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы АҚ. Қазіргі кезде бағдарламаны іске асыруға жалпы 50 млрд теңге, жылына 10 млрд теңгеден қажет.