Алматы маңындағы сауда орталығынан жарылғыш зат іздестіріліп жатыр
Алматы маңындағы сауда орталығынан жарылғыш зат іздестіріліп жатыр
Алматы облысындағы сауда және ойын-сауық орталықтарының біріне бомба қойылды деген ақпарат тарады. Полиция департаменті жағдайға түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Aport-қа бомба қойылды деп жатыр, адамдар эвакуацияланды", - дейді куәгерлер.
Алматы облыстық полиция департаменті өкілдері жағдайға түсінік берді.
"23 сәуірде шамамен сағат 10.00-де Қарасай аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне Aport сауда және ойын-сауық орталығының аумағында жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат түсті. Қазір барлық шұғыл қызмет тексеру және іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Аумақ қоршалып, орталықтың қызметкерлері мен келушілері қауіпсіз жерге көшірілді", - деп хабарлады ПД өкілдері.
Айта кетейік, бүгін Алматыдағы сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінде де мина қойылды деген ақпарат тараған.