"ҚазАвтоЖол" ҰҚ Алматы облыстық филиалына жаңа басшы тағайындалды

"ҚазАвтоЖол" ҰҚ Алматы облыстық филиалына жаңа басшы тағайындалды

"ҚазАвтоЖол" ҰҚ Алматы облыстық филиалына жаңа басшы тағайындалды
ашық дереккөзі
«Сайранбек Солтанбекұлы Бармақов «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының Алматы облыстық филиалының директоры болып тағайындалды»,- делінген ИИДМ хабарламасында. Сайранбек Бармақов 1963 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Өскемен жол-құрылыс институтын бітірген. Мамандығы - инженер-механик. Еңбек жолын 1986 жылы механик, Талдықорған облысы Буырлытөбе аудандық автожол жөндеу мекемесінің бас инженері болып бастаған. 1991 жылдан 2006 жылға дейін Қапал ПЖБ бастығы, «Талдықорған жолдары» АҚ басшысының орынбасары, «ДЭУ-25» ЖШС директоры қызметтерін атқарды. 2006 жылдан 2008 жылға дейін - ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің бөлім бастығы; 2008 жылдан 2013 жылға дейін - ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық департаментінің директоры. 2013 жылы - «Щучье шипажайы» АҚ бас директорының орынбасары. 2014 жылы «Қазақавтожол» РМК бас директорының орынбасары қызметін атқарды. 2014 жылдан 2015 жылға дейін - ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары. 2015 жылдан 2019 жылға дейін - ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары. 2019 жылдың ақпан айынан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы болып қызмет етті. Айта кетейік, 22 сәуірде «ҚазАвтоЖолдың» жаңа басшысы тағайындалды. Бұл лауазымға Асқар Маратұлы келді. Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жағдайын жақсарту бойынша кешенді шаралар қабылдауды тапсырған.