Қазақстандық суретшінің жұмыстары People америкалық журналында жарияланды

Америкалық People журналы қазақстандық суретші Қанат Нұртазин туралы мақала жариялады, деп хабарлайды Kazpravda.kz.

«Танымал тұлғалардың, фильм кейіпкерлерінің бейнесін жапыраққа ойып бейнелейтін астаналық жігіт Қанат Нұртазин естеріңізде ме ме? Енді шетелдік БАҚ ол туралы жазды!»,- деп хабарлады hedonist.almaty Instagram парақшасында.

«Әйтеуір дегенде People журналын тікелей Айовадан, АҚШ-тан алдым. Қобалжып тұрмын, екінші жағынан бұл маған шабыт берді. Менің шығармашылығым шетелдік басылымдарда жарияланады деп ешқашан ойламаппын, енді  АҚШ, Ұлыбритания, Үндістан, Франция, Венгрия басылымдары да мен туралы жазбақ!»- деп жазды Қанат Нұртазин @kanat_n

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button