Полицияға көмектескен тұрғындарға 1 миллион теңгеден астам сыйақы берілді

Полицияға көмектескен тұрғындарға 1 миллион теңгеден астам сыйақы берілді

Полицияға көмектескен тұрғындарға 1 миллион теңгеден астам сыйақы берілді
ашық дереккөзі
Ақмола облысында полицияға көмектескен тұрғындарға 1 миллион теңгеден астам сыйақы берілді, – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі. Ведомствоның мәліметінше, бүгінгі күні Ақмола облысының полиция департаментінде 2 746 адамды біріктіретін 600-ден астам қоғамдық құрылым жұмыс істейді. Қоғамдық тәртіпті қорғауға өңірдің әртүрлі кәсіпорындар мен ұйымдар қызметкерлерінен, студенттерден, қоғамдық кеңестерден құралған 1 600-ден астам адам және 455 «Сақшы» және «Сарбаз» жасағы үлес қосып келеді. «Облыс тұрғындары профилактикалық акцияларға, жоғалған адамдарды іздеуде белсенділік танытады, сондай-ақ, патрульдік полиция жасақтарымен бірлесіп қоғамдық тәртіпті сақтауды жүзеге асырады және қылмыстарды ашуға көмектеседі», – деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер. «Подъезд ақсақалдары» көмегі пәтер ұрлығының алдын алу, қоғамдық тәртіпті бұзу фактілерін анықтау бойынша алдын алу жұмысын жүргізу кезінде көмегі зор. Мал ұрлығын ашуда тәртіп сақшыларына «Сақшы» және «Сарбаз» жасақтары көмек көрсетеді. Жасақтарда 149 ерікті бар. «Ақмола облысы мен Көкшетау қаласында жыл басынан бері полицияның қоғамдық көмекшілерінің қатысуымен 50 қылмыс ашылып, 914 құқық бұзушылық анықталды. Осы ретте, полицияға көмектескен ақмолалықтарға 1 миллион теңгеден астам сыйақы берілді», – деп толықтырды ведомстводан.