Коронавирус: елімізде 823 мыңнан астам адам вакцина алды

23 сәуір, 2021 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
Коронавирус: елімізде 823 мыңнан астам адам вакцина алды Қазақстанда 823 498 адамға коронавирус вакцинасы егілді, – деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі. 23 сәуірдегі мәлімет бойынша елімізде 823 498 адам коронавирус вакцинасының бірінші компонентін салдырды. Екінші компонентті салдырғандар саны – 132 603. Барлығы ҚР бойынша: I компонент – 823 498, II компонент – 132 603.