Жүйелі жұмыс, өнімді іс

Жүйелі жұмыс, өнімді іс

Жүйелі жұмыс, өнімді іс
ашық дереккөзі
Осы аптада еліміздің барлық аймағында  «Nur Otan» партиясы бастауыш партия ұйымдарының  есеп беру жиналысы басталды. Бір апта ішінде партия мүшелері ұйымдардың 2019-2020 жыл ішінде атқарған жұмыстарын саралап, түрлі мәселелерді талқылайды, бастауыш партия ұйымының төрағалары мен орынбасарларын, сондай-ақ партияның аумақтық филиалдарының конференциясына делегаттар сайлайды. Жамбыл өңірінде аптаның алғашқы күні облыстағы барлық аудан мен Тараз қаласындағы 53 бастауыш партия ұйымында есеп беру жиындары өтті. Солардың қатарында партияның Жамбыл аудандық филиалына қарасты «Қаратөбе» бастауыш партия ұйымы да бар.  2018 жылдың қарашасы мен 2021 жылдың сәуірі аралығында бастауыш партия ұйымы бюросының 7 отырысы және бастауыш партия ұйымы мүшелерінің 9 жиналысы өткен.  Бастауыш партия ұйымы жеке кабинетпен және қажетті материалдық- техникалық базамен қамтамасыз етілген. Қазіргі кезде «Қаратөбе» бастауыш партия ұйымында 5 топ, 183 партия мүшесі бар. Ұйым мүшелерінің дені білім және денсаулық сақтау қызметкерлерінен тұрады.  Сондай-ақ соңғы 2 жылда  23 азамат  «Қаратөбе» бастауыш партия ұйымы арқылы партия қатарына қабылданды. Жалпы партиялық жобалар аясында қаратөбеліктер 92 іс-шара ұйымдастыруға мұрындық болып, онда 5 088 азамат қамтылған. Бастауыш партия ұйымының төрайымы былтыр өткен партияішілік праймеризге қатысып, Жамбыл аудандық мәслихатының депутаты болып сайланған. Жиын күнтәртібіне сай  «Nur Otan» партиясы Жамбыл аудандық филиалының ХХVІІІ есеп беру-сайлау конференциясына делегаттар да сайланды. Солтүстік Қазақстан облысында да 246 бастауыш партия ұйымы есеп беру жиналысын бастады. Петропавл қаласындағы «Дарын» бастауыш партия ұйымының қатарында қазір 86 адам бар. Партиялықтар атап өткендей, олардың негізгі қызметі партияның мақсаттары мен міндеттерін орындауға бағытталған. Бұдан басқа, партия мүшелері «Nur Otan» партиясының «Болашақ» аумақтық филиалының конференциясына қатысу үшін 10 делегатты сайлады.
«Біз сондай-ақ өскелең ұрпақ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті кеңінен насихаттау, жемқорлыққа қарсы қоғам қалыптастыру бойынша белсенді жұмыс атқарамыз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясында қабылданып жатқан шараларды түсіндіру бойынша тікелей эфирлер өткізіледі. «Дарын» БПҰ партия мүшелері «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» партиялық жобаларын іске асыру үдерісіне белсенді түрде қосылды», – дейді ұйым төрайымы Наталья Аширова.
Сонымен қатар білім алушылардың кәсіби білім алуына жағдай жасауға, олардың қызметін ұйымдастыруға бағытталған кәсіптік бағдарлау жұмысы жүзеге асырылмақ. Бастауыш партия ұйымы төрағасының айтуынша, бұл өскелең ұрпақ үшін маңызды. БПҰ жиналыстары Солтүстік Қазақстан облысында 23 сәуірде аяқталады. Талқылауға «Nur Otan» партиясының 28,5 мыңнан астам мүшесі қатысады. «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы Саяси кеңесі бюросының қаулысына сәйкес 1300-ден астам партия мүшесін біріктіріп отырған «Білім және ғылым» бастауыш партия ұйымында да есептік-сайлау жиналысы өтті. Қаладағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға байланысты онлайн форматта өткізілген жиналыста «Білім және Ғылым» бастауыш партия ұйымының 2019-2020 жылдары атқарылған жұмысының есебі туралы баяндама жасалды. 2019-2020 жылы жалпы 83 іс-шара ұйымдастырылған. Олардың ішінде 42 партия жиналыстары, 17 кездесу, 2 дөңгелек үстел, 7 мерекелік іс-шара, 3 конференция, 12 жемқорлықтың алдын алу мақсатындағы  дөңгелек үстел, сенбіліктер және түрлі тақырыптағы отырыстар өткізілген. Сондай-ақ, партия жобасының  аясында  «Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек», «Ардагерлерді ардақтайық», «Жолдағы қабылдау», «Әділет кеңес береді», «Жастар кадрлық резерві» акциялары ұйымдастырылған. «Білім және ғылым» бастауыш партия ұйымы мүшелері алдағы уақытта да барлық жоспарланған шараларды өз уақытында және сапалы  өткізуге ниетті. Сонымен қатар, БПҰ жиналысы барысында бастауыш партия ұйымының Саяси кеңесі бюро құрамы жаңартылып, 2021 жылдың 28 сәуір күні өтетін «Nur Otan» партиясы әл-Фараби аудандық филиалының конференциясына делегаттар сайланды. Целиноград аудандық партия филиалына қарасты «Родина» бастауыш партия ұйымының да есептік жиналысы өтті. Бұл ұйымда 4 партиялық топқа біріктірілген 133 партия мүшесі бар. Іс-шара кезінде барлық карантин талаптары сақталып, аралас форматта өтті. Оған 80-нен астам партия мүшелері қатысты. Шығыс Қазақстан облысы Қасым Қайсенов кентінде №9 бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті. Жиында БПҰ-ның 2019-2020 жылдары атқарған жұмыстары сараланып, алдағы уақытта орындалуы тиіс мәселелер қаралды. Бастауыш партия ұйымының жұмысы «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» атты сайлауалды бағдарламасы аясында атқарылатын шараларды талқылауға арналды. Сондай-ақ, алдағы уақытта ұйым жұмысын одан әрі дөңгелету үшін аудан мәслихаты депутаттарымен кездесулер, отырыстар өткізілмек.