Бокстан әлем чемпионаты: Дана Дидай күміс жүлдегер атанды

Бокстан әлем чемпионаты: Дана Дидай күміс жүлдегер атанды

Бокстан әлем чемпионаты: Дана Дидай күміс жүлдегер атанды
ашық дереккөзі
Польшаның Кельце қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық боксшы Дана Дидай күміс жүлдегер атанды. Д.Дидай 75 кг салмақта соңғы бәсекеде үндістандық Санамача Чану Токчоммен жұдырықтасты. Өте тартысты өрбіген жекпе-жекте жеңіс төрешілердің шешімімен (3:2) үнділік боксшыға берілді. Дана осы біріншілік барысында әділетсіздіктің құрбаны болып кете жаздады. Оның мажарстандық Богларка Варгамен жекпе-жегінде төрешілер жеңісті әуелі қарсыласына берген еді. Дегенмен қазақстандықтар наразылық бергеннен кейін шешім қайта қаралып, әділдік салтанат құрды. Осылайша қазақстандық қыздар бұл чемпионатта екі күміс, үш қола медальға ие болды.