Заңсыз мигранттар мінген қайық аударылып, 130 адам қаза тапты

Заңсыз мигранттар мінген қайық аударылып, 130 адам қаза тапты

Заңсыз мигранттар мінген қайық аударылып, 130 адам қаза тапты
ашық дереккөзі
Заңсыз мигранттарды алып келе жатқан қайық Ливия жағалауында аударылып, 130-ға жуық адам қаза тапты, – деп жазды Life.ru. SOS Mediterranee үкіметтік емес ұйымы Ливия жағалауында үш кеменің апатқа ұшырағаны туралы ақпарат алғаннан кейін, төтенше жағдай орын алған аймаққа Ocean Viking құтқару кемесі жіберілгенін мәлімдеді. «Оқиға орнына келгеннен бері бірде-бір тірі адамды таппадық, апат болған жерде ондаған адамның мәйітін көрдік», – делінген ұйымның хабарламасында. Құтқару операциясы ауа райының қолайсыздығы салдарынан қиындап кеткен. Іздеу аймағындағы толқындар 6 м-ге жетті. Көп ұзамай ЕО шекара бақылау агенттігінің «Фронтекс» ұшағы оқиға орнына жақын жерден резеңке қайықтың бөлшектерін тапты.