Соғыс ардагерлеріне 2 миллион теңгеден беріледі

Соғыс ардагерлеріне 2 миллион теңгеден беріледі

Соғыс ардагерлеріне 2 миллион теңгеден беріледі
ашық дереккөзі
Ақтөбе облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, өңірде 6 706 соғыс және еңбек ардагері тұрады: 20 соғыс ардагері, 1 714 Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген, 4 693 тыл еңбеккері, 279 қайтыс болған жауынгерлердің жесірі. «Ақтөбе облысындағы Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылар мен мүгедектерге 2 млн теңгеден беріледі. Ал соғыс кезiнде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда еңбек еткен адамдарға, қоршау кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалiмен әрi «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгiсiмен наградталған азаматтар, ауған соғысының ардагерлері, 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдарға 100 мың теңгеден бөлінді. Соғыс жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға 50 мың теңгеден төленеді», – деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.