23 сәуір: ел тарихындағы елеулі оқиғалар

23 сәуір: ел тарихындағы елеулі оқиғалар

23 сәуір: ел тарихындағы елеулі оқиғалар
ашық дереккөзі
2004 жылы 23 сәуірде Астана қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы құрылды. Оның бас директоры болып профессор, тарих ғылымдарының кандидаты Роза Аманғалиқызы Бердіғалиева тағайындалды. 2009 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» Заңға қол қойды. Заң Наурыз мейрамын мерекелеу күндерін үш күнге – наурыздың 21-нен 23-не дейін ұлғайтуды және Қазақстан Республикасы күнін мерекелеуді алып тастауды көздеген. 2010 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Телелифт» жүйесі орнатылды. Бұл Орталық Азиядағы алғашқы осындай кітапхана. Соның арқасында қорда сақтаулы тұрған кітаптар бірнеше минуттың ішінде оқу залына жеткізіледі. 2010 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Корея университетінің құрметті ғылым докторы атағы берілді. 2017 жылы Брюссельде өткен жас пианиношылардың Merci, Maestro! халықаралық байқауында Қазақ ұлттық өнер университетінің тәрбиеленушісі Биәли Бикенов «Ең жас орындаушы» санатында лауреат атанды. 2018 жылы Бейжіңде «Балдырған» балаларды дамыту орталығының ресми ашылу рәсімі өтті. Бұл шетелдегі қазақ тілінде білім беретін алғашқы жеке орталық. 2019 жылы Жеңіл атлетикадан Дохада өткен Азия чемпионатында 400 метрге жүгіруден ерлер арасындағы бәсеке аяқталды. Екі күн ішінде қазақстандық желаяқ еліміздің екі рекордын орнатты. Жартылай финалдық жарыста ол аталған қашықтықты 45,38 уақыт көрсеткішінде жүгіріп өткен. Литвин 400 метрді 45,25 секундта бағындырды. Бұл Қазақстанның жаңа рекорды. Бұдан басқа 100 метрге жарысудан әйелдер арасындағы бәсекеде қазақстандық Ольга Сафронова Азия чемпионы атанды. Ол аталған қашықтықты 11:17 секундта жүгіріп өтіп, құрлық додасының жаңа рекордын орнатты.