Қазақстан мен Ресейде өндірілген «Спутник V» вакцинасының айырмашылығы қандай?

Қазақстан мен Ресейде өндірілген «Спутник V» вакцинасының айырмашылығы қандай?

Қазақстан мен Ресейде өндірілген «Спутник V» вакцинасының айырмашылығы қандай?
ашық дереккөзі
Денсаулық сақтау министрлігі Халықты иммундау жөніндегі ұлттық консультативтік комиссиясының мүшесі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Жаннат Сатыбалдиева Қазақстанда шығарылған «Спутник V» вакцинасының сапасына күмәндануға еш негіз жоқ екенін айтты. «Вакцинаның негізгі компоненті – ол Ресейде өндірілген «Спутник V». Ал Қарағанды фармацевтикалық кешені флакондарға құю, бөлшектеп өлшеу мен басқа да кезеңдерді жүзеге асырады. Бұл жұмыстың барлығы вакцинаның сапасына әсер етпейді. Зауыт аккредиттелген және тиісті өндірістік тәжірибе талаптарына сай», – деді Ж. Сатыбалдиева. Осы орайда ол аталған зауыт заманауи технологиялармен жұмыс істейтінін атап өтті. «Зауыт биологиялық сипаттағы дәрілік препараттармен жұмыс істейді. Коронавирусқа қарсы вакцина шығаруға лайықты кешен. Зауыт жоғары сапалы жабдықтармен қамтамасыз етілген. Сондықтан сапа бойынша ешқандай айырмашылық жоқ. Осы орайда технологиялар трансфері ескерілген және мұндай ынтымақтастыққа қолдау білдірген жөн», – деді ғалым.