Ескендір Хасанғалиев пен жұбайы жансақтау бөлімінде жатыр
Ескендір Хасанғалиев пен жұбайы жансақтау бөлімінде жатыр
Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері, әнші Ескендір Хасанғалиев пен жұбайы Дарико Хасанғалиева коронавирус жұқтырып, жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы Sputnik.kz хабарлады.
Жайсыз хабар туралы өнер иесінің ұлы Біржан Хасанғалиев Instagram-да жазды.
Ерлі-зайыпты Хасанғалиевтердің коронавирус жұқтырғаны 10 сәуірде белгілі болған еді.
"Соңғы уақытта қаншама қоңыраулар соғылып, ата-анамның емделу барысын біліп жатқандар өте көп. Үлкен рақмет сіздерге! 4-5 күн болды реанимацияда жатыр. Дәрігерлердің айтқан: "жағдайы тұрақты, нашарлау жоқ" - деген сөзі көп үміт және сенім береді", - деді әншінің ұлы.