«Ахыс­ка» – ағайынға алтын көпір

«Ахыс­ка» – ағайынға алтын көпір

«Ахыс­ка» – ағайынға алтын көпір
ашық дереккөзі
Қазақстан және онда тұратын барлық этностың тыныс-тіршілігі әлемдік қауымдастықтың көз алдында. Қай елде болмасын, өмір сүріп жатқан әрбір этнос өкілдерінің рухани және мәдени өмірінде бейбітшілік пен келісім және жасампаз еңбек болуы қажет екені белгілі. Онсыз демократияны қайта құру, мәдениетімізді алға жылжыту және экономикалық тұрақтануды жүзеге асыру мүмкін емес. Мұның еліміздегі барлық шағын этникалық топтың өкілдеріне тікелей қатысы бар. Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігін ал­ғаннан кейін біздің қоғамымыздың тек өмір тіршілігінде ғана емес, сонымен бір­ге ұлттық саясатында да біршама өз­герістер болды. Қазақстанның ұлтаралық қа­рым-қатынасында мемлекет жүзеге асыр­ған, ұлттық қарама-қайшылықты ше­шуге және ондағы барлық этнос­тар­дың ұлттық талап-тілегін орындауға ба­ғытталған ұлт мәселесі жан-жақты дә­­­лелді жүйедегі өлшемге ие бола бастады. Біздің республикамыз – көпұлтты мемлекет. Бұл үшін тек қана ірі этностар қазақтар мен орыстардың этномәдени ере­шеліктерін зерттеп қана қоймай, сонымен қатар шағын этностарды да зерделеу қажет. Мұның барысында қазақ халқымен ағайынды бауырлас түрік этносын зерттеу қазіргі заманға сай және өзекті мәселе. Түрік ұлттық мәдени орталығы 1991 жылы ақпан айында ұйымдастырылды. Ал 1996 жылы ол Түріктердің «Ахыска» қо­ғамы болып атауын өзгертті. Рес­пуб­ликалық қоғамның облыстық, қалалық, ау­дандық бөлімшелерімен және түрік этносы тығыз қоныстанған елді мекендерімен байланыстың құрылымдық жүйе­сі қалыптасқан. Қоғам бірлестігінің бағыттары мы­на­ларға сайып келеді: – Қазақстан халқының ұлттық мә­дениетінің, соның ішінде қазақ және тү­рік мәдениетінің өзара ықпалдас­ты­ғына қызмет ету. Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени байланыстардың дамуына үлес қосу; – Түрік этносы арасында ана тілі мен тарихын оқып үйрену, мәдениетін, әдет-ғұр­пы мен салт-дәстүрін сақтау және да­мыту бағытындағы мәдени-ағарту жұ­мыстарын ұйымдастыруды жолға қою; – Түрік этносының мәселелерін зерт­теу және республикадағы мемлекеттік және қоғамдық бірлестіктерде, шетелдерде олардың мүддесін қорғау; – Түріктердің тарихын, мәдениеті мен өнерін басқа ұлт өкілдеріне таныс­тыру, насихаттау. Осы бағытта Шымкент қаласы «Ахыс­ка» түрік этномәдени қоғамының мү­шелері, қоғамымыздың барлық са­ла­сын­да қызмет атқаратын тұлғалар ел бірлігі үшін аянбай қызмет етіп келеді. Біздің елдегі қоғамдық келісім мен жал­пы ұлттық бірлік саласындағы мем­ле­кеттік саясат елді алалап, бөлуге емес, керісінше бірігуге үндейді. Осы тұрғыдан алып қарағанда ел игілігі жолындағы жұмыстардың жанынан табылатын ассамблея мүшелері ел болып ұйысу жо­лындағы байсалды бастамаға лайық­ты қолдау көрсетеді деген сенімдемін.

Ағапаша ҚҰРБАНОВ, Шымкент қаласы «Ахыска» түрік этно-мәдени қоғамының мүшесі