Жаңалықтар

«Бұл айда төрт түрлі қасиетті көбейтіңдер...»

ашық дереккөзі

«Бұл айда төрт түрлі қасиетті көбейтіңдер...»

Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алла­ның салауаты мен сәлемі болсын) мұсылман үмбетін қасиетті Рамазан айында ораза ұстауға шақырып, бере­келі айда жасалған әрбір ізгі амалдың сауабы есе­леніп жазылатыны жайлы сүйінші хабар жеткізген. Алла Елшісі сахабаларына ора­за ұстаудың маңызы мен аузы бе­рік адамның жасаған амал­да­ры­ның сауабы еселеніп жа­зы­ла­тыны жайлы сахабаларына бы­лай деген: «Сендерге ұлық, бере­келі ай келіп жетті. Бұл айда мың айдан артық Қадір түні бар. Алла осы айда ораза тұтуды парыз етті. Ал түндерінде намаз оқуды ерікті етті. Осы айда Аллаға бір ізгі қа­сиет­пен жақындаған жан басқа уа­қытта парыз орындағандай. Осы айда парыз амалын орын­да­ған адам басқа уақытта жетпіс па­рыз орындаған болады. Бұл – са­бырлық айы. Ал сабырдың сыйы – жәннат. Бұл – өзара жа­на­шырлық айы. Бұл айда мүмін­нің ырзық-несібесі еселенеді...» деген. Шәкәрім Құдайбердіұлы: «Сө­зіңді түзе – әдетіңе айналады, әде­тің мінезіңе айналады. Мі­не­зің – сенің тағдырың» дейді. Адам баласы тілін калимаға келтіріп, Алланы үнемі ұлықтап, мадақтап жүрсе, оның жақсы сөзі тағдыры­на айналады. Екіншіден, қателік пен кемшілік – пендеге тән си­пат­тың бірі. Алла ғана кемші­лік­тен пәк. Егер адам баласы жасап қой­ған қателігі немесе күнәсі үшін шынайы ықыласпен ис­ти­ғ­фар айтса, Алла Тағала пендесінің күнәсін кешіреді екен. Раббымыз қасиетті Құранда: «Біреу бір жа­ман­дық істесе немесе өзіне зұ­лым­дық қылса да, сонсоң Алла­дан жарылқану тілесе, Алланы аса Жарылқаушы, ерекше Мейі­рім­ді табар еді» («Ниса» сүресі, 110-аят) деп баяндаған. Алладан кешірім сұраудың қа­­рапайым түрі – истиғфар, яғни, «Астағфирулла!» деп айту. Оның мағынасы: Алла мені ке­шір­­сін! Истиғфар – Алланың пен­делеріне деген шексіз мейі­рімі. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед: «Истиғфар (Астағ­фирулла) айтуды әдет еткен, көп оқитын адамды Алла Тағала дерт­терден, қиыншылықтардан құт­қарады. Оны ойламаған жерден ри­зықтандырады» деп, сүйінші ха­бар жеткізген. Тағы бір хадисте: «Күнә көңілде із қалдырады, тәу­бе және истиғфар еткенде ол дақ жойы­лады, көңіл тазарады» де­лін­ген. Алладан шын ниетпен ке­ші­рім сұраған адам ары қарай күнә жа­самауы тиіс. Алладан жүрекпен де, тілмен де шынайы кешірім сұ­рау, өкініп, тәубе ету және енді сол күнәні енді жасамауға ниет ету шынайы тәубе ету болып са­на­лады. Үшіншіден, Алладан жән­нат­ты сұрау – мұсылманның мәң­гі­лік мұраты. Пайғамбарымыз үм­бе­тін барлық нәрсені, барлық қа­жет дүниені, тіпті үзілген аяқ киім­нің бауына дейін Алладан сұрауды үйреткен. Бұл ретте дұға қабыл болудың өзін­дік шарттары бар екенін ұмыт­паған абзал. Олар – тілекте ықы­ласты болу, ішіп-жеуде, киім кию­де, оның адал нәрседен болуы­на мән беру, «дұғам қабыл бол­мады» деп асықпау, дұғада Алла­ға серік қоспау, тілек жаса­ған­да Алланың көркем есім­дері­мен сұрау, т.б. Алла Тағала қасиетті Рамазан айында дұғаларымыз бен ізгі амал­дарымызды қабыл еткей!

Бақдәулет қажы НҰРМАТҰЛЫ, Шымкент қаласының бас имамы