Жаңалықтар

Анастасия Решетникова: «Москва қазақша» жобасы біздің өмірімізді өзгертті

ашық дереккөзі

Анастасия Решетникова: «Москва қазақша» жобасы біздің өмірімізді өзгертті

Әлеуметтік желілерде Мәс­кеу көшелерінің бі­рін­­де жүріп, орыс жазушы­ла­ры­ның өмірін қазақ тілінде си­паттаған мәскеулік екі қыз­дың видеосы көпшілікті таң­ғалдырған болатын. Осыдан кейін «қазақша акценті бар мәс­кеулік қыздар» атанған Анас­тасия Решетникова мен Елизавета Осипова көп ұзамай «Москва қазақша» жобасын құр­ды. Ресей туралы қазақша ай­тып қана қоймай, Қазақстан тура­лы да көп білетін сол мәс­кеулік қыздардың бірі Анас­тасияға хабарласып, әңгімеге тарт­қан едік. https://www.youtube.com/watch?v=02Cqb2KAuOM – Мәскеу мемлекеттік линг­вис­ти­­ка­лық университетінде оқып жүр­ге­ніңізде екінші шет тілі ретінде қазақ ті­лін өзіңіз таңдадыңыз ба, әлде? – Жоқ, қазақ тілі оқу бағдарламасында мін­детті түрде оқылатын пәндердің бірі бол­ды. Лиза екеуіміз аймақтану фа­куль­те­тінде бір топта оқыдық. Бірінші курстың екін­ші семестрінде оқу бағдарламасы бойын­ша екінші шет тілі ретінде қазақ ті­лін оқитынымызды естігенде, қуанғанымыз әлі есімде. сол кезде топтағы он біріміздің түгеліміз дерлік түркітілдес халықтың тілі өте ерекше екенін атап өткенбіз. Оның үсті­не айналамызда қазақ тілінде сөйлейтін еш­кім жоқ, сол себепті бізге қазақ тілін қа­лай меңгеретініміз қызық болды. Бірінші са­бақтан-ақ өміріміздің жаңа кезеңі бас­талатынын түсіндік. Өйткені қазақ тілінен са­бақ берген Ұлжан Мұсабекова деген апайы­мыз алғашқы дәрісінде қазақ хал­қы­ның тұрмысы, мәдениеті, табиғаты туралы ай­тып, ұлттық тағамдардың суретін көр­сетіп, бізді басқа бір әлемге сүңгітіп жі­бер­гендей болды. Сол сабақта Қазақстанға барып қайтқандай әсер алдым. Сонымен қа­тар, дәл осы сабақта қазақ тілінің қалай ес­тілетінін сезінетініміз жайлы жазуға тапсырма берілді. Бұған дейін қазақ тілін мүл­де естімеген кейбіріміз үшін бұл қы­зық­ты жаттығу болды. Әрқайсымыз өз нұс­қа­мызды жазып, соңында талқылаған кезде қа­зақ тіліндегі сөйлемнің дыбысталуы біз елес­теткеннен мүлдем басқаша екенін біл­дік. Осылайша Ұлжан Есенқызының әзірлеп әкел­ген түрлі тапсырмалары арқылы бі­рін­ші сабақтан-ақ барлығын ысырып қойып, қа­зақ тілін үйренеміз деп шештік. Негізі, біз бұ­рын-соңды мұндай әдіспен оқып көр­мегенбіз, сол себептен болар, көп нәрсені білуге деген қызығушылық бәрінен басым болды. – Әлеуметтік желідегі парақ­шаңыз­да Алматы қаласында түсірілген фо­то­суреттеріңіз көп екен. Соған қарағанда Ал­маты қаласы сізге қатты ұнаған болуы керек? – Алматыға үш рет, Нұр-сұлтанға екі рет, Шымкентке бір рет бардым. Үш қалада да жылылықты сезіндім. Әсіресе, халықтың қонақжайлығы қатты таңғалдырды. Бірақ, Алматы десе ішім жылып сала береді. Алма­тының көздің жауын алатын көрінісін тағы бір рет көруді армандаймын. Қала мен тау­дың өзара үйлесім тауып, ерекше әсем кө­рініс қалыптастырғаны таңғалдырады. Ал­маты еңбек демалысына баратын немесе бола­шақта өмір сүруге қолайлы қала деп біле­мін. Ал Нұр-Сұлтанның орналасқан жері ұнайды. Жоғары қабатқа көтерілген кез­де мыңдаған шақырымға жайылып жат­қан жазықты көріп, аң-таң болғанмын. Кеңіс­тіктің шегі жоқ секілді көрінді. Бір айта кетерлігі, бастапқыда Қазақстанның бар­лық аймағында қазақ тілінде бірдей сөй­лейді деп ойлаған едім. Бірақ Қа­зақ­станға алты рет келгенімде әр өңір тұр­ғын­дарының қазақ тіліндегі сөздерді ды­быс­тау­да өзіндік ерекшеліктері бар екенін бай­қадым. Әсіресе, Шымкент жақта көп­шілік диа­лект қолданады екен. Мұндайды біл­мей­тін адамға бұл ортаға кірісіп кету қиын еке­ні белгілі. Шымкентке барғанымызда кө­шеде кездескен адамдармен әдейі қазақ ті­лінде сөйлесіп, қаланың қай жеріне бар­сақ болатынын сұрастырдық. Ақыр соңын­да ­жолымызда кездескен адамдардың көп­шілігі «Сіз­дермен орысша сөйлескен дұрыс болар» деп орысша сөйлесті (күліп). Тағы бір таң­ғал­ғаным, түйе, бүркіт, жылқыны жасына қа­рай әртүрлі атайды екен. Мысалы, бізде жыл­қының жасы кіші болсын, үлкен бол­сын, «лошадь» деп айтамыз ғой. Ал сіздерде жануардың әр жасына сай атау беріледі екен. Тарихтан түсінгенімдей, қазақ халқы ежелден жануарларға ерекше қамқорлық жа­сағаннан осылай атайтын болса керек. Со­сын «сүт пісірім уақыт», «қас пен көздің ара­сы» секілді уақыт пен қашықтыққа қа­тысты айтылатын тұрақты сөз тіркес­тері­нің мағынасын түсінгенде аң-таң болғаным бар. – Қазір Лиза Нұр-Сұлтанда, сіз Мәс­кеуде жұмыс істейтіндіктен, жобаның жұмысында кідіріс бар секілді көрі­неді. Соңғы шығарылым былтыр қазан айын­да жүктеліпті. Алдағы уақытта жо­баның жайы не болмақ? – Қазір Лиза Нұр-Сұлтанда Ресейдің Қа­­зақстандағы елшілігінде қызмет ат­қа­рады. Ал мен Мәскеуде пиар агенттікте жур­налист болып жұмыс істеймін. Екеуіміз екі елде тұрып жатқандықтан, бұрынғыдай тү­сірген бейнематериалды тез арада жүктей салу оңай емес. Лиза Нұр-Сұлтанда түрлі видеолар түсіріп, сұхбаттар ұйымдастырып жүр, мен де Мәскеуде қол қусырып отырған жоқ­пын. Тек екеуіміздің жасаған дүниемізді бір видеоға біріктіруге уақыт таба алмай жүрміз. Қазір екеуімізде де атқарар шаруа көп. Алдағы уақытта бар уақытымызды осы жобаға арнағымыз келеді. Бірақ ол үшін көп қаражат керек екені айтпаса да түсінік­ті. Дегенмен жуырда қаржы мәселесі шеші­ліп, қызықты видеолар жүктейміз деп ой­лаймын. Лиза екеуіміз күн сайын сөйлесіп, бұл жобаны дамыту туралы небір қызықты идеялар бөлісеміз. Екеуіміздің екі елде тұруымыз жобаның жұмысына жаңа серпін бер­месе, кедергі келтірмейді. Керісінше, екеуі­міз екі жақта жүріп-ақ, «Москва қазақ­шаның» контентін байыта аламыз деп ой­лай­мын. Бүгінде бізде Ресей аумағынан ары асып, Қазақстан аудиториясын «жаулауға» мүм­кіндік бар. Лизаға контент жа­сау оңай, себебі ол күн сайын қазақша сөй­леп, қазақ тілін дамытып жүр. Дегенмен мен де қазақ тілін ұмытып қалмау үшін түр­лі материалдар оқып, сөздік қорымды байы­туға тырысып жүрмін.

Әңгімелескен Әлия ТІЛЕУЖАНҚЫЗЫ