Жаңалықтар

Тағдырым, саған не істейін?

ашық дереккөзі

Тағдырым, саған не істейін?

Ерте көктемде тулап ағатын келте өзендер болады. Қара жер­дің бетіне тебіндеп көк шыға бастағанда, тебіреніп тасыған өзен­нің асау толқындары жеткен жері­нің бәрін де суға малады. Міне, осы кез­ден бастап дүние жасарып, Та­биғат-Ана жаңа жуылған кілемдей құл­пырып, жалған тіршілікке жан бітеді. Нағыз ақындардың өмірі де ар­насына сыймай ағатын тентек өзен­дердің мінезін еске түсіреді. Құдіреті күшті Алла Тағала оларға қас-қағым сәт­тік қана өмір сыйлағанымен, пе­ше­несіне бұйырған азғантай ғұмырының ішінде олар поэзия көшін өгіздей өрге сүй­реп, қыруар жұмыс тындырады, әр ізгі жанның көкірегінде жарық сәуле­сінің ізін қалдырады.