Жаңалықтар

Нұрымбет САҚТАҒАНОВ: Абай Семей мен Жидебай арасында жүріп-ақ «Абай» болған

ашық дереккөзі

Нұрымбет САҚТАҒАНОВ: Абай Семей мен Жидебай арасында жүріп-ақ «Абай» болған

Семей – еліміздегі тарихи маңызы ерекше қаланың бірі. Өткен ғасырдың басында Алаш көсемдері осы шаһарда бас қосып, келелі кеңестер өткізгендіктен сол кезде зиялылар шо­ғырының көбірек жиналғаны да жұртқа белгілі. Мемлекет басшысы 2019 жылы Семей қаласына іссапары барысында қаланы дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған бағдар­ла­масын жүзеге асыру жөнінде өңір басшылығына тапсырма берген болатын. Біз тарихи тамыры тереңдегі қалаға арнайы ат басын бұрып, Президент тапсырма­сының қалай орын­да­лып жатқаны жайлы қала әкімімен әңгіме өрбіттік. – Кезінде Семей шаһарында өнер­кә­сіп орындары көп болды. Қазір олар­дың жағдайы не болып жатыр? – Бұрынғы тоқтап тұрған «Семей су» зауы­тының орнына тәулігіне 1 000 тонна күн­бағыс майын өндіретін зауыт салынып жа­тыр. Ол зауыт өнімді қалдықсыз өңдеп шы­ғарады. Мәселен, күнбағыстың қабығы-нан мал­дың, құстың жемін жасайды. Бұл зауытта 250 адам жұмыс істейді деп жос­пар­лануда. Зауыт іске қосылған соң өнімді ши­кізат ре­тінде емес, даяр өнім ретінде нарыққа шы­ғара аламыз. Мемлекеттің бізге қойып отыр­ған талабы да осы. Өнімді шикізат түрінде емес, дайын өнім ретінде нарыққа шығару. Тері өңдеу зауыты да қайтадан іске қосылып жа­тыр. «Семей-құс» фабрикасы да биыл қай­тадан жұмысын бастағалы тұр. – Бұлардың қайта іске қосылуы үшін қандай да бір қаржылық көздерден қа­ра­жат қарастырылған ба? – Біріншіден, бұл зауыттар кәсіп­кер­лер­дің жеке қаржысы есебінен іске қосылады. Ал біз мемлекет тарапынан «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында ол өндіріс орындарының коммуналдық шығындарын азайтуға көмектесеміз. Мәселен, электр энер­гиясы, тұтынған суы дегендей шығын­дарға қол ұшын береміз. Сонымен қатар шикізат тауып беріп, кәсіпкерлермен келістіреміз. кә­сіпкерлерді қолдауға арналған Мемлекет тара­пынан берілетін пайызы төмен қар­жы­лай қарыздар бергіземіз. – Ірі өндіріс орындарынан басқа ша­ғын және орта кәсіп иелерінің жағ­дайы қа­лай? – Шығыс Қазақстан облысы республика бойын­ша шағын және орта бизнес өкіл­дері­нің жұмысы жөнінен алдыңғы орын­дар­да жүреді. Семей қаласында 20 831 шағын және ор­та бизнес өкілі бар. Олар тұрақты жұмыс істеп тұр. Біз шаруа қожалық иелері мен жеке кәсіпкерлердің барлығына «Атамекен» бизнесті қолдау орталығы арқылы жеңіл пайызды несилер алып береміз. Бизнесті қолдау орталығы арқылы жеке кәсіпкерлерді қайта оқытып, бизнесті жүргізудің қыр-сы­рын үйретеміз. Екінші деңгейлі банкілер, қар­жы орталықтары арқылы берілетін не­сиелерді, гранттарды ұсынамыз. Кәсіпкер­лерге үнемі хабарландырулар беріп, кәсібін жүргізуге жол көрсетіп, мүмкіндік жасаймыз. Қа­рыз алғысы келетін немесе білімін жетіл­діруге ынталы кәсіп иелері болса әрдайым қолдаусыз болмайды. Облыс әкімі Даниял Кенжетайұлы шағын және орта бизнестің ілгері басуына ерекше назар аударып отыр. Себебі шағын және орта бизнес дамымай, ол өңір де алға баса алмайды. Былтыр және оның алдыңғы жылдары гранттар мен жеңіл пайызды несиеге қол жеткізе алмай қалған азаматтардың құжаттарын жинап, қайта қарап жатырмыз. Не себептен көмек көр­сетілмегенін анықтаймыз. Егер бизнес жоспары тиімсіз деп көретін болсақ, басқа сала бойынша кәсіп жүргізуге жол нұс­қай­мыз. Бір сөз­бен айтқанда, кәсіпкерлікпен ай­налы­са­мын деген бірде-бір адам ескерусіз қал­майды. – Семей өңірінің жері ауыл шаруа­шы­лығын дамытуға қолайлы. Қазір қа­ла шетіндегі кенттер мен ауыл тұр­ғын­дары бірлі-жарым азғантай мал ұс­тау­ға мүм­кіндігі бар ма? Себебі еліміздің көптеген өңірінде жеке қожалық иелері ауылдың іргесіне дейінгі жерлерді жеке меншікке алып қойғандықтан, ауыл халқының малы жайылатын жайылым жер жоқ. – Біз ауыл шетінен шамамен 5 ша­қырым­ға дейінгі жерлерді ауыл тұрғындарының ма­лы жайылатын ортақ жер деп көрсетіп отыр­­мыз. Одан әрі кеткендегі жерлер ірі шаруа қожалық­тарының жерлері. Олар да қожалықтарын ауыл іргесінде ұстағысы ке­леді. Бірақ ауылдың қоғамдық кеңесі, әкім­шілігі бар, барлығы бірігіп дұрыстап ақыл­дасу қажет. Содан кейін ауыл ішіндегі тұрғын неше басқа дейін мал ұстауға болады деген сұрақтарды талқылап, шешуі қажет.

Сұхбаттасқан Бейбіт ТОҚТАРБАЙ, Арнайы Túrkistan газеті үшін Семей қаласынан