Жаңалықтар

 Мархабат Байғұт: қоғамдық кеңестер мол жауапкершілік жүктейді

ашық дереккөзі

 Мархабат Байғұт: қоғамдық кеңестер мол жауапкершілік жүктейді

 «Nur Otan» партиясы орталық аппаратының кестесіне сәйкес, партияның Түркістан облыстық филиалы Саяси кеңесі бюросының мәжілісі өтті. Жиында партияның алдағы жоспарын межелеп, аумақтық филиалдарындағы сайланбалы органдарының есеп беру конференцияларын өткізу мерзімі мен Қоғамдық кеңестердің төрағалары және құрамы бекітілді. «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасында Түркістан облысын дамыту жан-жақты қарастырылған. Осы ретте бағдарламалардың сапалы жүзеге асырылуына партия жанынан қоғамдық кеңестер құрылды. Түркістан облысында «Nur Otan» партиясы филиалы 12 қоғамдық кеңес өз жұмысын бастады. Бұл кеңестерге елге белгілі, іскер және әр саланы жақсы білетін азаматтар төраға болып бекітілді. Қоғамдық кеңестер облыстық мәслихаттың депутаттары, партиялық кадрлық резевте тұрған кандидаттар, зиялы қауым, табиғат жанашырлары, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ, білім, медицина және өзге де сала өкілдерінен жасақталған.