Pfizer компаниясы өз вакцинасының жалған нұсқалары қолданылғанын анықтады

Pfizer компаниясы өз вакцинасының жалған нұсқалары қолданылғанын анықтады

Pfizer компаниясы өз вакцинасының жалған нұсқалары қолданылғанын анықтады
ашық дереккөзі
Pfizer компаниясы өз өнімінің жалған нұсқалары Мексика мен Польшада қолданылғанын анықтады, деп хабарлайды The Wall Street Journal. Екі елдің билігі дәрі-дәрмектің қаптамаларын тәркілеген, ал компания зерттеу жүргізіп, жалған екенін растады. Басылымның хабарлауынша, Мексикада шамамен 80 адам жалған вакцина алған, бірақ олардың ешқайсы зардап шеккен жоқ. Жергілікті билік пакеттердегі жарамдылық мерзімі дұрыс емес екенін, сондай-ақ елге кіргеннен басқа партиялардың нөмірлерін анықтағанын хабарлады. Өткен жылдың желтоқсан айында хакерлер Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігіне кибершабуыл жасап, Pfizer вакцинасы туралы мәліметтер алған еді. Наурызда Касперский зертханасының сарапшылары интернетте COVID-19 вакциналарын сату туралы хабарландырулар пайда бола бастағанын хабарлады.