Қарағанды облысында 24 сотталушының ата-анасы алғыс хат алды

Қарағанды облысында 24 сотталушының ата-анасы алғыс хат алды, деп хабарлайды Polisia.kz.
«Алғаш рет сотталғандардың жақсы тәртібін, өзін-өзі жақсы ұстауын ынталандыру, сондай-ақ «кері байланыс» қағидаты бойынша Қарағанды облысы мекемелерінің әкімшіліктері тәрбие жұмысына белсенді қатысатын сотталғандардың жақын туыстарына 24 алғыс хат жолдады», – деп хабарлады Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары Бекболат Шәкіров.
Оның айтуынша, бұл жұмыстардың барлығы жазасын өтеушілер босатылғаннан кейін қоғамға сіңісіп кетуіне жағдай жасауға, азамат ретінде қайта тәрбиелеуге бағытталған.