Жаңалықтар

Вакцина ектірмегендер жауапкершілікке тартыла ма? - Министрлік жауап берді

ашық дереккөзі

Вакцина ектірмегендер жауапкершілікке тартыла ма? - Министрлік жауап берді

Денсаулық сақтау министрлігі мәжбүрлі түрде вакцина алу және одан бас тартқандарға айыппұл салынатыны, жауапкершілікке тартылатыны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы inform.kz хабарлады. "Бізде мәжбүрлі вакцинация жоқ және болмайды да. Біз бұл туралы бірнеше рет айттық. Мұндай хабарламалар – жалған ақпарат", – деп хабарлады ведомстводан. Екпеден бас тартқаны немесе вакцина алуға мәжбүрлегені үшін айыппұл салу ҚР заңнамасына қайшы келеді. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодекстің» 77-бабына сәйкес Қазақстанның әрбір азаматы «емделуге және басқа да медициналық араласуларды, оның ішінде профилактикалық екпелерді жүргізуге хабардар етілген келісім беруге немесе олардан бас тартуға» құқылы.