Жаңалықтар

Жазушы Дулат Исабеков: Кеңес өкіметінің қайта орнағанын аңсай бастадым

ашық дереккөзі

Жазушы Дулат Исабеков: Кеңес өкіметінің қайта орнағанын аңсай бастадым

Бұл туралы пікір жазушы Stan.kz сайтына берген сұхбатында айтты. Журналистің «90-ншы жылдардан бергі өзгерістерге көңіліңіз тола ма? Теледидардан көрсетіп жатқан жетістіктер ауыз толтырарлықтай ма?» деген сұрағына: «Шынымды айтсам, Кеңес өкіметінің қайта орнағанын аңсай бастадым … Ешқандай әділдік жоқ, жоспар жоқ, перспектива жоқ. Бұрын перспектива болатын. Қазір жазудың да мәні қалмады. Ол кезде стимул болатын, ал қазір дым жоқ, жазушылар далада қалды. Иә, тәуелсіздікке ештеңе жетпейді. Бірақ ең жаманы – тәуелсіздіктің айбалтасы тек жазушылардың ғана мойнын шаба бастады. Ал Кеңес үкіметінде бір кітабым шықса, 15-20 мың сом алатынмын. Бұл дегеніміз бір машина мінуге жарайтын. Ал қазір не?! … » – деп жауап берді жазушы. Сұхбаттың толық нұсқасын Stan.kz порталынан оқи аласыздар.