Марат Әзілханов екі бірдей лауазымды қызметке тағайындалды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарын тағайындады. Мемлекет басшысының өкімімен Марат Әзілханов Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

Марат Алмасұлы Әзілханов 1965 жылы 2 қаңтарда Қызылорда облысында туған. 1988 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық университетін «емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген.

2000 жылы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясын «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1988-1992 жылдары қалалық аурухананың дәрігер-интерні, Қызылорда қаласының №5 емханасының хирург дәрігері болып бастады.

2011-2013 жылдары ҚР дін істері агенттігінің төраға орынбасары болды.

2013-2014 жылдары ҚР дін істері агенттігінің төрағасы болды.

2014-2016 жылдары ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметін атқарды.

2016-2018 жылдары ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жауапты хатшысы болды.

2018-2019 жылдары ҚР қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысы қызметін атқарған.

2019 жылдың 4 сәуірінен Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болды.

Back to top button