АҚШ санкциялары Қазақстанға әсер ете ме?

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер Ресейге қарсы санкциялардың Қазақстанға тигізер әсері жайлы айтты. Бұл туралы Tengrinews.kz жеткізді.

– Бұл санкциялар Ресейдің әрекетін өзгерту үшін қабылданғанын айтқым келеді. Атап айтсақ, олар сайлауға және мемлекеттік ақпаратқа араласу сияқты әрекеттер жасады. Бұған біз одан әрі шыдай алмаймыз. Ал Қазақстанға келетін болсақ, санкциялардың міндетті салдарын болдырмауы үшін жұмыс істедік және істей береміз дегім келеді. Біз бұл санкциялардың Қазақстанға кері әсер еткенін қаламаймыз, – деді АҚШ елшісі.

15 сәуірде АҚШ Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізген болатын. Ол 32 жеке тұлға мен бірлестікке қатысты. 14 маусымнан бастап АҚШ қаржы институттарына Орталық банк пен Ресейдің Қаржы министрлігінен, сондай-ақ ұлттық әл-ауқат қорынан борыштық бағалы қағаздарды тікелей сатып алуға тыйым салынды. Вашингтон билігі Ресейдің 10 қызметкері елден шығарылатынын хабарлаған еді.

Back to top button