Студенттер Жапония билігіне шағымданды

Студенттер Жапония билігіне шағымданды

Студенттер Жапония билігіне шағымданды
ашық дереккөзі
Оңтүстік Кореяда студенттер Жапония билігіне қарсы шеруге шықты. Себебі жуырда жапон билігі «Фукусима-1» атом электр станциясының суын мұхитқа төгу туралы шешім шығарған болатын. Наразылық акциясы ретінде жастар Сеулдегі Жапония елшілігінің алдына барып, шаштарын тақырлап алып тастады. Олар Корея билігін ресми Токиомен дипломатиялық қарым-қатынасын тоқтатуға шақырып отыр.
– Радиоактивті суды мұхитқа ағызудың ядролық соғыстан қай жері кем? Сол үшін Оңтүстік Корея билігінен спортшыларымызды Токиодағы Олимпиада ойындарына жібермеуін сұраймыз. Сондай-ақ әскери ақпараттың қауіпсіздігі туралы келісімнен шығып, Жапониямен дипломатиялық қарым-қатынасын тоқтатуға шақырамыз, - дейді Юнг Сун-Бин есімді студент.
Өткен аптада жапон билігі 2022 жылы «Фукусима-1» атом электр стансасындағы миллиондаған тонна радиоактивті суды мұхитқа төгетінін хабарлаған болатын. Бірақ су сүзгілеуден өтетініне сендіріп бақты. Алайда Оңтүстік Корея мен Қытай тараптары бұл қауіпті екенін айтып, қарсы болды.