Жаңалықтар

Израильде маскасыз жүруге рұқсат берілді

ашық дереккөзі

Израильде маскасыз жүруге рұқсат берілді

Израиль билігі 18 сәуірден бастап далада медициналық маска киюді міндеттеуді тоқтатты, деп жазады The Times of Israel. Жарлыққа елдің денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Хези Леви қол қойды. Шешім коронавирустың таралу деңгейі төмендегендіктен, сондай-ақ халықтың жаппай сәтті вакцина алуынан кейін қабылданыпты. Алайда, масканы жабық кеңістікте міндетті түрде кию туралы талап әлі өз күшінде. Тұрғындардың жаппай вакцина алғанына қарамастан, туристер ұшар алдында ПТР тестін тапсыруы керек, сонымен қатар қонған кезде қосымша тестілеуден өтуі керек.