Айсұлтан Сейітов алғаш рет толықметражды фильм түсірді

Айсұлтан Сейітов алғаш рет толықметражды фильм түсірді

Айсұлтан Сейітов алғаш рет толықметражды фильм түсірді
ашық дереккөзі
Әлемге танымал жұлдыздар - реперлер мен орындаушылардың бейнебаянын  түсіріп жүрген қазақстандық жас режиссер Айсұлтан Сейітов «ҚАШ» атты толықметражды фильмінің түсірілімін аяқтады, - деп хабарлайды NEGE.KZ   width=
«Бірнеше күн бұрын «ҚАШ» атты алғашқы фильмімнің түсірілімін аяқтадық. Осы іске атсалысқан азаматтардың бәріне алғыс айтамын. Жаңа туындыма қатысты әзірге егжей-тегжейлі ақпарат бере алмаймын, бірақ жақында бәрін білесіздер», - деп жазды жас режиссер.
Жаңа кинотуындының сценарийінің авторы – Абылай Нұрманбетов. Еске сала кетейік, Айсұлтан Сейітовтің МЧТ деген атпен танымал отандық рэп-орындаушымен (шын есімі - Айдын Нұралин) бірлесіп түсірген «Неведомый мир» атты видеоклипі BooooooooomTV-ның «2020 жылдың үздік музыкалық видеосы» сыйлығын жеңіп алған болатын.