Қоғамдық кеңестер сайлауалды уәделерді қадағалайды

Қоғамдық кеңестер сайлауалды уәделерді қадағалайды

Қоғамдық кеңестер сайлауалды уәделерді қадағалайды
ашық дереккөзі
Жақында «Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалында алдағы бес жылда қаламыздың болашағы жарқын, экономикалық және саяси жаңғыру, қоғамды елдік мақсатқа ұйыстыру, мықты және келбетті қала қалыптастыру мақсатында «Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалының Төрағасы, қала әкімі Мұрат Әйтеновтың төрағалығымен қалалық партия филиалының Саяси кеңесінің Бюросында Қоғамдық кеңестердің жаңа құрамы мен Төрағалары бекітілді. Сонымен қатар, «Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалының Төрағасының Бірінші орынбасары Жанар Бектаева жаңадан құрылған Қоғамдық кеңес төрағаларының басын қосып, алғашқы кездесу өткізді. Кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасының атқарылуы бойынша Жол картасына сәйкес Шымкент қаласында 10 басымдық бойынша 149 іс-шара қарастырылғанын жеткізді. Қоғамдық кеңестердің жұмыс жоспарының жобалары талқыланды. Кездесуге қатысқан әрбір төраға өз ойларын ортаға салып, алдағы жүргізетін жұмыстарының жобасының бағытымен бөлісті. Жаңадан құрылған Қоғамдық кеңестердің құрамына праймериз жеңімпаздары, Шымкент қалалық мәслихатының депутаттары, партиялық кадрлық резерв өкілдері, өңірде беделді және жергілікті жерлердегі түйінді мәселелерді жақсы білетін азаматтар кірді. Саяси кеңес бюросының шешіміне сәйкес, «Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалында «Ұлт денсаулығы мәселелері жөнінде» Қоғамдық кеңес құрылды. Партия филиалының Төрағасы, қала әкімі Мұрат Әйтеновтың пен партияның Саяси кеңес бюросының шешімімен аталған Қоғамдық кеңестің Төрағасы болу маған жүктелді. «Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалының сайлауалды бағдарламасының нақты бағыттарының іске асырылуын бақылау бойынша дәл осындай 10 Қоғамдық кеңес құрылды. Әрбір Қоғамдық кеңес партия сайлауалды бағдарламасының нақты бір бағытымен айналысатын болады. Қоғамдық кеңестер партияның сайлауалды бағдарламаларын іске асыруды бақылау мақсатында құрылғандықтан, партия мен қоғам үшін өте маңызды рөл атқарады. Себебі осы бесжылдық жоспардың өңірлерде орындалуын партияластар бірлесе қолға алып, қоғаммен бірге қадағалайтын боламыз. Елбасы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті, «Nur Ota»n партиясының Төрағасы Н.Назарбаевтың және Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың ел алдында белгілеп берген тапсырмасын және партияның сайлауалды бағдарламасы мен стратегиялық жоспарларында көрсетілген негізгі міндеттерді жүзеге асыру үшін біздер партияластар бар күш жігерімізді салуымыз қажет. Естеріңзде болса, былтыр пандемия қатты белең алған тұста және күрделі эпидемиологиялық ахуал кезеңінде Шымкент қаласының медицина саласына түскен ауыртпалық 2 есеге артқан болатын. Стационарлар мен провизорлық орталықтардағы төсек орындардың 96 пайызы науқастармен толған еді. Бұл өз кезегінде медицина саласына ерекше көңіл бөлу қажет екенін көрсетті. Алдағы бес жылдың ішінде біз денсаулық сақтау сапасын күшейтетін боламыз. Ол үшін партия филиалы, яғни біздер мынадай істерді қолға алатын боламыз: Жедел медициналық жәрдем станциясы толық жаңартудан өтеді; Қаланың медициналық ұйымдарының материалдық-техникалық базасы нығайтылады (өкпені жасанды желдету құралдары, науқастың мониторлары, электрокардиографтар, флюорографтар және т.б. сатып алынады); 2023 жылы шетелдік заманауи техникамен жабдықталған 1000 орындық көпсалалы аурухана халықтың игілігіне беріледі; Медициналық нысандар тапшылығын шешу мақсатында алдағы 5 жылда 10 медициналық мекеменің құрылысы жүргізіледі: 2021 жылы – 2; 2022 жылы – 3; 2024 жылы – 2; 2025 жылы – 3. 2020-2021 жылдары №1 емхана, №2 аурухана, қалалық перзентхана және «Ана мен бала» орталығы күрделі жөндеуден өткен болатын. 2020 жылы бедеулікті емдеу үшін «Репродуктивті медицина институтының Шымкент қалалық филиалы» ашылды. Бұл өз кезегінде, жыл сайын 500-ден астам азаматты қаламызда емдеуге мүмкіндік береді.  

Есенбек СЕРКЕБАЕВ,

«Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалының

«Ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі» Қоғамдық кеңес Төрағасы