Голливуд жұлдыздары Байденге өтініш жасады

Голливудтың ондаған жұлдызы және басқа да әлемге әйгілі адамдар АҚШ президенті Джо Байденге ашық хат жазып, Бразилия көшбасшысы Жаир Болсонарумен экологиялық келісімдерге қол қоюды Амазонияның экваторлық ормандарын отау қарқыны нақты төмендегенше кейінге қалдыруды өтінді. Бұл туралы  бразилиялық БАҚ-қа сілтеме жасап ТАСС хабарлады.

АҚШ және Бразилия әртістері Байденді осы келісімдерге қатысты мәселелерге қаржы бөлмеуге шақырды. Олар бұл мәселені шешу үшін Амазонка бассейнінің байырғы тұрғындарымен және дәстүрлі қауымдастықтарымен диалог орнатудың маңызын атап өтті.

АҚШ президентіне жолданған үндеуге қол қойғандардың арасында актер Леонардо ДиКаприо, сондай-ақ оның әріптестері Алек Болдуин, Хоакин Феникс, Орландо Блум, Джейн Фонда және Сигурни Уивер бар. Сондай-ақ, әнші Кэти Перри мен музыкант Роджер Уоттерс де бұл бастаманы қолдады.

Айта кетейік, бұған дейін 150-ден астам белсенді – актерлер мен кәсіпкерлер, соның ішінде Леонардо ДиКаприо және Amazon негізін қалаушы Джефф Безос та Джо Байденді климаттың өзгеруі мәселесін шешуге шақырған ашық хатқа қол қойған еді.

Back to top button